Біз туралы

Кемел Тоқаев атындағы жеке қайырымдылық қоры 2008 жылы құрылды. Қор өз қызметінен табыс табуды көздемейді, яғни қоғамға пайдалы мақсаттарды алға қояды. Қордың барлық табыстары оның жарғылық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады. Қор өз жұмысын еріктілік, жариялылық және өзін өзі қаржыланждыру қағидаларын ұстана отырып жүзеге асырады. Қор қызметі өз мүлкі, қазақстандық және шет елдік заңды және жеке тұлғалардың ерікті салымдары есебінен жүргізіледі.

Қорға жазушы және қаламгер Кемел Тоқаевтың аты берілген.   

 Кемел Тоқаев 1923 жылы Талдықорған облысы Қаратал ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері.  1948 жылы Киров атындағы Қазақ мемлееттік университетін бітірген. «Лениншіл жас», «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің редакциясында қызмет істеген, 1966 - 1977 жылдары «Ведомости Верховного Совета Казахской ССР» басылымының бас редакторы болған. Детективтік-шытырман әдебиет жанрында үлкен еңбектері жарық көрген. Тоғыз әңгімелер және повестер жинағын шығарған: «Звездный поход» (1954), «Поток» (1958), «Думы о будущем» (1965), «Особое поручение» (1968), «Ночной выстрел» (қазақ және орыс тілдерінде —1972, 1976), «Случай в саргаване» (1975). «Меченое золото»  повесті қазақстандық чекистерге арналған «Не жалея жизни» атты жинағына кірген, (1977). В 1956, 1972, 1977, 1980 жылдары Кемел Тоқаев повестері Казақ ССР-інің  Ішкі Істер министрлігі мен Қазақстан жазушылар одағы жариялаған конкурстарда бірінші жүлделарге ие болған. К. Тоқаев —«Кто преступник?», «Красный комиссар» пьессаларының авторы. Отан соғысының II дәрежелі орденімен және СССР бірнеше медальдарымен марапатталған.

Қор миссиясы балаларға көмек көрсетіп, олардың жарқын болашағына, толыққанды дамуына жағдай жасау, жанұя құндылықтарына қолдау көрсету.

Қор мақсаттары:

Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал ету;

Халықтың білім және рухани-адамгершілік деңгейін көтеру мен дамыту;

Басқа қоғамдық-пайдалы мақсаттар.

Міндеттер:

- көп балалы, әлеуметтік қорғаудан оқшау қалған, мұқтаж және ауру балаларға, денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі балаларға, балалар үйлері мен балабақшаларға, балалар ауруханаларына және бөлімдеріне, мектеп-интернаттарға, кәмелетке толмаған балаларға арналған сауықтыру орталықтарына, бала мәселелерімен айналысатын балалар ұйымдары мен басқа да ұжымдарға көмек пен қолдау көрсету;

- балалардың елдің және шет елдердегі университеттерде лайықты бәсекеге қабілетті білім алуына, интеллектуалдық, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуына ықпал ету, жас дарындарға жағдай жасау;

- келең ұрпаққа адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, балаларды өз елін, мәдениетін, салттарын сүюге баулу;

- жарғылық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қаржылық, материалдық және басқа да құралдар жинау. 

 

Өз мақсаттарына сәйкес, Қор келесі қызметтерді жүзеге асырады:

Ерікті қайырымдылық жәрдемдер, гуманитарлық көмектер түрінде берілетін қаржылық құралдарды және басқа да мүлікті жинау;

Қоғамдық-маңызды нысандар, атап айтқанда, мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, мешіттер, емдік мекемелер ұйымдастыру және салу;

Жеке кәсіпкерлік өкілдерімен, халықаралық және шет ел ұйымдарымен ынтымақтастық;

Қолда бар ресурстар мен мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мақсатында,атқарушы, жергілікті басқару органдарының өкілдерімен әріптестік;

Қордың жарғылық міндеттерін орындау мақсатында, өндірістік, ғылыми, шаруашылық қызмет жүргізу;

Жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуге ықпал ету;

Жетім балаларға, жесірлерге, жарымжан адамдарға, мұқтаждар мен мүгедектерге, қоғамның әлеуметтік осал топтарына көмек және қолдау көрсету; басқа да қайырымдылық шараларын жүргізу;

Халықты рухани-адамгершілік тәрбиелеуге, патриоттық сезімдерін көтеруге бағытталған әлеуметтік-сауықтыру шараларын, рухани-тәрбиелілік, мәдени шараларды жүргізу;

Мәдени-тәрбиелік, рухани, ғылыми-техникалық, өндірістік, шығармашылық, физикалық, мәдени сауықтыру қызметінің түрлі бағыттары бойынша жұмыс атқару, бос уақытты ұйымдастыру;

Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшін несиелер, қайырымдылық көмек, басқа да қаржылық көмекті тартуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

             

Қор құрылтайшылары Кемел Тоқаевтың балалары мен немерелері болып табылады.