Добро пожаловать!
Фонд имени Кемеля Токаева был основан в 2008 году. Фонд является некоммерческой организацией. Фонд не ставит перед собой целью извлечение дохода от своей деятельности и преследует общественно-полезные цели. Все доходы направляются на достижение его уставных целей.
Миссией фонда является оказание помощи и создание условий для достойной жизни и полноценного развития детей, поддержание приоритета семейных ценностей.
ШҰҒЫЛАСЫ СӨНБЕС ШОҚЖҰЛДЫЗ
Бүгін 7 мамыр жеңіс күні қарсаңында К.Тоқаев атындағы орта мектебі жанынан құрылған «К.Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының» ұйымдастыруымен жазушыны еске алу Аллеясында ел мүддесін майданда қарумен қорғап, қаламмен детектив жанрының негізін қалаған – Кемел Тоқаевтың 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.
«Шұғыласы сөнбес шоқжұлдыз» мерекесі тартымды да, қызықты өтті. Мектеп оқушылары жазушының өмірбаяны туралы әңгімелеп, арнау өлеңдерін оқыды, әскери әндер шырқап, соғыс жылдарындағы өлеңдерді негізге ала отырып, би биледі. Жазушы қаламынан шығып, өмірінен сыр шерткен «Солдат соғысқа кетті» туындысының көрінісі көрермендерінің көзіне жас толтырып, көңілдерін босатты. Сонымен қатар оқушылар жазушысын еске ала отырып, қызыл гүл шоқтарын бір минут үнсіздікпен қойды.
Шараның жалғасы спор алаңында: шахмат, шағын футбол, баскетбол, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық атудан спорттық жарыстар, сондай-ақ бастауыш сыныптары оқушылары арасында «Көңілді старттар» ойынымен ұласты. Шара соңында жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
7 мая в рамках празднования 100-летия мастера художественного слова, основателя детективного жанра в казахской литературе, участника Великой Отечественной войны Кемеля Токаева и в преддверии Дня Победы на Аллее Памяти писателя прошло яркое торжество, организованное Благотворительным фондом имени Кемеля Токаева на базе одноименной средней школы.
Праздник «Шұғыласы сөнбес шоқжұлдыз» прошел ярко и красочно. Школьники рассказывали о биографии писателя, читали стихотворения, исполняли песни военных, двигались в завораживающем ритме танцев. Театрализованная сценка из произведения Кемеля Токаева «Солдат ушел на войну» вызвала особый восторг у гостей праздника. В дань памяти своему земляку учащиеся возложили красные гвоздики к подножью обелиска писателя.
Тем временем на стадионе проходили спортивные соревнования по шахматам, мини-футболу, баскетболу, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, асық ату, а также «Веселые старты» с учащимися начальных классов. Победители состязаний были награждены памятными сувенирами и подарками.
ТВОРЧЕСКАЯ МАСТЕРСКАЯ В КАБИНЕТЕ ПИСАТЕЛЯ
Знаменательные даты жизни и деятельности великих людей нашего народа, нашей истории наполняют духовный мир неисчерпаемым богатым нравственным наследием, мудрыми, светлыми ориентирами в будущее. Очень важно, чтобы молодое поколение как можно чаще обращалось к наследию своих предков.
К 100-летию Кемеля Токаева Благотворительным фондом в кабинете писателя была организована творческая мастерская «Из произведений Кемеля Токаева к творчеству учащихся». Ученики среднего и старшего звена читали стихотворения собственного сочинения, отрывки произведений, пополняли свои знания о жизненном пути писателя, а также работали в группах используя произведение «Ночной выстрел».
ПРАЗДНИК В ПАМЯТЬ О ПИСАТЕЛЕ
Благотворительным фондом проведены мероприятия, посвященные памяти Кемеля Токаева.
Совместно с педагогическим коллективом и учащимися начальных классов средней школы имени Кемеля Токаева организовали цветочную выставку «Сұлулық әлемі – гүлдер әдемі», на которой представили тематические композиции, тесно связанные с творчеством писателя. Все призеры и участники выставки были награждены памятными подарками и сувенирами Благотворительного фонда.
На аллее памяти писателя прошел праздничный концерт. Школьники читали стихотворения о Кемеле Токаеве, обыграли сценки из его жизни, пели патриотические песни. А вот учащиеся старших классов принимали участие в интеллектуальной игре «Время уходитно с нами остается память» по произведениям писателя.
Торжество прошло и около стелы на улице Кемеля Токаева. Учащиеся средней школы-гимназии имени Бикен Римовой прочитали стихи собственного сочинения о Кемеле Токаеве, а затем к гранитному изваянию были возложены цветы. Завершили мероприятия спортивные соревнования и праздничный концерт.
КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Жуырда Сыр елінде жазушы Кемел Тоқаев атындағы V республикалық детектив шығармалар байқауын қорытындылаған салтанатты шара өтті. Аталмыш республикалық байқауда жерлесіміз, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Асхат Өмірбаев бас жүлде иегері атанды.
Кемел Тоқаев атындағы байқаудың басты мақсаты – кенжелеп қалған жанрды қайта жандандыру арқылы детектив жазуға ынталылар қатарын арттыру болып табылады. Биыл Қызылорда қаласында дүбірлі доданың бесінші мәрте жалауы желбіреп, еліміздің барлық өңірлеріндегі шытырман шығарма шеберлерінің басын қосты. Осы шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына ҚР Жазушылар одағының мүшесі Әмірбек Шаймағамбетов мұрындық болды. Нұрлыбек Нәлібаев басқаратын Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен заң саласында қызмет атқаратын қызметкерлерімен арнайы баспасөз мәслихаты өтіп, байқау туралы кең көлемді мағлұмат берілді. Доданың осы өңірде өтетінін естіп арнайы сыйлық тағайындаған Қызылорда облыстық соты және облыстық полиция департаменті шараға аса белсенділік танытты. Жүлдегерлер Сыр елін көрсін деп ниетпен қаланың көрікті жерлерін аралатты. Кемел Тоқаев атындағы байқаудың өткен жылғы жүлдегерлерінің шығармалары жеке жинақ кітап болып көрді. Осыған орай Қызылорда қаласындағы Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Шытырман» жинағының тұсаукесері өтті.
Қорытынды салтанатты шара Достық үйінің концерт залында өтті. Марапаттау рәсімінде Республикалық детектив шығармалар байқауының үздіктері марапатталды. Қазақ детективі шығармашылығын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған бұл байқау 2018 жылдан бері «Заң» медиа-корпорациясының» бастамасымен жүзеге асырылып келеді.
Айтулы шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы келіп, республикалық байқаудың маңыздылығына тоқталды.
- Қазақ детектив жанры – екінің бірі бара бермейтін қызықты әрі күрделі жанр. Сол себепті еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тың туындылар қандай марапатқа ие болса да лайық. Шытырманға толы ерекше шығармашылығын ұсынған барлық қатысушыларға алғыс айтамыз, - деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.
Салтанатты шарада «Заң» медиа-корпорациясы ЖШС директоры Досымбек Өтеғалиев республикалық сайыстың қорытындысын баяндады. Сонымен қатар, шығармашылық байқаудың дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасатынын тілге тиек етті.
- 2018 жылы алғаш рет біз детектив жанрын ілгерлету мақсатында республикалық байқау жариялаған болатынбыз. Содан бері жыл сайын қатысушылар саны артып, көптеген детектив жанрындағы шығармалар ұсынылды. Биыл үш жарым ай ішінде 106 шығарма бізге келіп түсті. Әр шығарма өзінің ерекшелігімен әрі қылмыс ашудағы қызықты оқиғалармен тамсандырды. Сол үшін де үздіктерді анықтау қиынға соқты, - деді Досымбек Қонысбекұлы.
Байқау қорытындысы бойынша «Оқырман таңдауы» номинациясымен «Алқаракөк» шығармасы үшін Алматы қаласының тұрғыны Дидар Қосылбеков, жүлделі III орын «Түтін» шығармасы үшін Астана қаласының тұрғыны Айгүл Кемелбаева, жүлделі III орынмен «Оралманның ойраны» шығармасы үшін Қызылорда қаласының тұрғыны Тұрақ Ахетов, жүлделі II орынмен «Тылсым түннің қүпиясы» шығармасы үшін Ақтөбе облысының тұрғыны Бақыт Жалиева, жүлделі II орын «Тамұқтан жеткен үн» шығармасымен Алматы облысының тұрғыны Нұрлан Шынтаев, I орынмен «Үтіктегі қан» шығармасы үшін Қызылорда облысының тұрғыны Алдажар Әбілов марапатталды. Ал бас жүлде Жетісу облысы, Үштөбе қаласының тұрғыны Асхат Өмірбаевтың «Қылмыскердің күлкісі» шығармасына бұйырды. Бір айта кетерлігі, жерлес жазушымыз Асхат Бақытұлы осы жанрға алғаш рет қалам тартып отыр екен.
- Сонымен, байқау мәресіне жетті. 106 шығарманың түскенін айттым. Биылғы шығармалар бірінен бірі өткен мықты болды. Оларды ретімен сайтқа салдық, сосын 5-қазаннан бастап редакцияның сын қазанында әбден қайнатып, талапқа тура келгенін әділқазылар алқасына жолдадық. Соның ішінде екі үміткердің туындысы межеге қатар келді. Бірі Алдажар Әбіловтың "Үтіктегі қан" шығармасы, екіншісі - Асхат Өмірбаевтың "Қылмыскердің күлкісі" еңбегі. Ұпайларды есептеген редакция алқасының пікірі екіге айрылды. Алайда, "Детектив шығармалардағы тақырыптың дені - құпия, жұмбақ, қан боп келеді. Қылмыскердің күлкісі деген ерекше екен. Осы авторға басымдық берейік" деген пікірге тоқтадық. Осылайша, шақыратын тақырып тапқан Өмірбаев бас жүлдені қанжығасына байлады. Талантты жігіт - Жетісу облысындағы ауылдың біріндегі мектепте мұғалім екен. Ал Алдажар Әбіловтің ғалым, университетте сабақ беретінін білдік, - дейді «Заң» газетінің редакторы Айнұр Сембаева.
Осылайша, дәстүрге айналған Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауында жерлесіміз, жазушы Асхат Өмірбаев аудан, облыс абыройын асқақтатып, Қызылорда облысынан жеңімпаз болып оралды.
Біз қайырымдылық қорына алғысымызды білдіреміз! Мы фонд за все благодарим!
Анель КАРАБЕКОВА, студентка 1 курса Казахского национального университета им. Аль-Фараби:
- У каждого в жизни есть своя мечта. Моей мечтой было хорошо закончить школу и поступить в университет. И Благотворительный фонд имени Кемеля Токаева помог мне в этом. В прошлом году я стала счастливой обладательницей образовательного гранта, выделенного благотворительным фондом, и теперь обучаюсь в одном из лучших ВУЗов страны – в Казахском национальном университете имени Аль-Фараби. Я искренне и от всего сердца благодарю учредителей этого замечательного фонда за уникальную возможность получать достойное образование и стать дипломированным специалистом. Спасибо за доброе сердце и готовность взять на себя ответственность за чужую судьбу. Пусть Всевышний одарит вас всеми возможными благами!
Жандос ЖАЙЫРБЕКОВ, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Университетінің 4 курс студенті:
- Мен Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Университетінің ІV курс студенті ЖҚ «Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорына» өз алғысымды білдіргім келеді. Бүгінгі күні алаңсыз білім алуыма жағдай жасап, қамқорлық көрсетіп, арманымның айдынында желкенімді тіктегенЖҚ «К.Тоқаев атындағы қайырымдылық қорына» осы игі іс жолында зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс және жетістіктер тілеймін!
Жамиля ЫДРЫШЕВА, студентка 2 курса Алматинского государственного университета имени Абая:
- Я являюсь студенткой второго курса Алматинского государственного университета имени Абая. Еще вчера я не могла и предположить, что буду обучаться по образовательному гранту. И за этот чудесный шанс хотела бы от всей души сказать огромное спасибо Благотворительному фонду имени Кемеля Токаева. Ваша поддержка, помощь в получении знаний, безграничная забота следуют за мной все эти годы обучения. Желаю Благотворительному фонду процветания, а его коллективу – успехов и удачи в их добрых делах.
Санжар СЕРАЛИНОВ, Еуразия Технологиялық университетінің 2 курс студенті:
- Мен, Сералинов Санжар, Еуразия Технологиялық Университетінің ІІ курс студенті ЖҚ «Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорына» шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Болашағыма бағыт беріп, арман асқарымның орындалуына жол ашып, студент атанғанымды қуанышпен жеткізе келе, әрбір бала жүрегінен орын алып жүрген ЖҚ «Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорына» шығармашылық табыс, сарқылмас байлық, өмірдің бар жақсылығын тілеймін.
В НОВЫЙ ГОД – СО СЛАДКИМИ ПОДАРКАМИ!
ПОДАРКИ ДЛЯ ПЕРВОКЛАССНИКОВ
Традиционно в День знаний первоклассники средней школы имени Кемеля Токаева получают подарки от Благотворительного фонда.
Ольга КЕРИМОВА, мама ученицы 1 «Б» класса:
- Начальная школа для ребенка – это первые шаги навстречу новой жизни. Мы, родители первоклассников, искренне признательны Благотворительному фонду имени Кемеля Токаева за заботу и поддержку, которую они оказывают нашим детям!
Света ЕСИМБЕКОВА, 1 «А» ата-анасы:
- Бірінші сыныптың ата-аналары кемелдеген заманның келешек ұрпағына кемеңгерлік танытып, алаңсыз білім алуына жағдай жасап, қамқорлық танытып отырғаныңызға алғысымызды білдіреміз.