Добро пожаловать!

Фонд имени Кемеля Токаева был основан в  2008 году. Фонд является некоммерческой организацией. Фонд не ставит перед собой целью извлечение дохода от своей деятельности и преследует общественно-полезные цели. Все доходы направляются на достижение его уставных целей.

Миссией фонда является  оказание помощи и создание условий для достойной жизни и полноценного развития детей, поддержание приоритета семейных ценностей.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

  Жуырда Сыр елінде жазушы Кемел Тоқаев атындағы V республикалық детектив шығармалар байқауын қорытындылаған салтанатты шара өтті. Аталмыш республикалық байқауда жерлесіміз, ҚР Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Асхат Өмірбаев бас жүлде иегері атанды.

    Кемел Тоқаев атындағы байқаудың басты мақсаты – кенжелеп қалған жанрды қайта жандандыру арқылы детектив жазуға ынталылар қатарын арттыру болып табылады. Биыл Қызылорда қаласында дүбірлі доданың бесінші мәрте жалауы желбіреп, еліміздің барлық өңірлеріндегі шытырман шығарма шеберлерінің басын қосты. Осы шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына ҚР Жазушылар одағының мүшесі Әмірбек Шаймағамбетов мұрындық болды. Нұрлыбек Нәлібаев басқаратын Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен заң саласында қызмет атқаратын қызметкерлерімен арнайы баспасөз мәслихаты өтіп, байқау туралы кең көлемді мағлұмат берілді. Доданың осы өңірде өтетінін естіп арнайы сыйлық тағайындаған Қызылорда облыстық соты және облыстық полиция департаменті шараға аса белсенділік танытты.  Жүлдегерлер Сыр елін көрсін деп ниетпен қаланың көрікті жерлерін аралатты. Кемел Тоқаев атындағы байқаудың өткен жылғы жүлдегерлерінің шығармалары жеке жинақ кітап болып көрді. Осыған орай Қызылорда қаласындағы Ә. Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Шытырман» жинағының тұсаукесері өтті.

    Қорытынды салтанатты шара Достық үйінің концерт залында өтті. Марапаттау рәсімінде Республикалық детектив шығармалар байқауының үздіктері марапатталды. Қазақ детективі шығармашылығын жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған бұл байқау 2018 жылдан бері «Заң» медиа-корпорациясының» бастамасымен жүзеге асырылып келеді.

   Айтулы шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов арнайы келіп, республикалық байқаудың маңыздылығына тоқталды.

- Қазақ детектив жанры – екінің бірі бара бермейтін қызықты әрі күрделі жанр. Сол себепті еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған тың туындылар қандай марапатқа ие болса да лайық. Шытырманға толы ерекше шығармашылығын ұсынған барлық қатысушыларға алғыс айтамыз, - деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

   Салтанатты шарада «Заң» медиа-корпорациясы ЖШС директоры Досымбек Өтеғалиев республикалық сайыстың қорытындысын баяндады. Сонымен қатар, шығармашылық байқаудың дәстүрлі түрде жыл сайын жалғасатынын тілге тиек етті.

- 2018 жылы алғаш рет біз детектив жанрын ілгерлету мақсатында республикалық байқау жариялаған болатынбыз. Содан бері жыл сайын қатысушылар саны артып, көптеген детектив жанрындағы шығармалар ұсынылды. Биыл үш жарым ай ішінде 106 шығарма бізге келіп түсті. Әр шығарма өзінің ерекшелігімен әрі қылмыс ашудағы қызықты оқиғалармен тамсандырды. Сол үшін де үздіктерді анықтау қиынға соқты, - деді Досымбек Қонысбекұлы.

  Байқау қорытындысы бойынша «Оқырман таңдауы» номинациясымен «Алқаракөк» шығармасы үшін Алматы қаласының тұрғыны Дидар Қосылбеков, жүлделі III орын «Түтін» шығармасы үшін Астана қаласының тұрғыны Айгүл Кемелбаева, жүлделі III орынмен «Оралманның ойраны» шығармасы үшін Қызылорда қаласының тұрғыны Тұрақ Ахетов, жүлделі II орынмен «Тылсым түннің қүпиясы» шығармасы үшін Ақтөбе облысының тұрғыны Бақыт Жалиева, жүлделі II орын «Тамұқтан жеткен үн» шығармасымен Алматы облысының тұрғыны Нұрлан Шынтаев, I орынмен «Үтіктегі қан» шығармасы үшін Қызылорда облысының тұрғыны Алдажар Әбілов марапатталды. Ал бас жүлде Жетісу облысы, Үштөбе қаласының тұрғыны Асхат Өмірбаевтың «Қылмыскердің күлкісі» шығармасына бұйырды. Бір айта кетерлігі, жерлес жазушымыз Асхат Бақытұлы осы жанрға алғаш рет қалам тартып отыр екен.

-  Сонымен, байқау мәресіне жетті. 106 шығарманың түскенін айттым. Биылғы шығармалар бірінен бірі өткен мықты болды. Оларды ретімен сайтқа салдық, сосын 5-қазаннан бастап редакцияның сын қазанында әбден қайнатып, талапқа тура келгенін әділқазылар алқасына жолдадық. Соның ішінде екі үміткердің туындысы межеге қатар келді. Бірі Алдажар Әбіловтың "Үтіктегі қан" шығармасы, екіншісі - Асхат Өмірбаевтың "Қылмыскердің күлкісі" еңбегі. Ұпайларды есептеген редакция алқасының пікірі екіге айрылды. Алайда,  "Детектив шығармалардағы тақырыптың дені - құпия, жұмбақ, қан боп келеді. Қылмыскердің күлкісі деген ерекше екен. Осы авторға басымдық берейік" деген пікірге тоқтадық. Осылайша, шақыратын тақырып тапқан Өмірбаев бас жүлдені қанжығасына байлады. Талантты жігіт - Жетісу облысындағы ауылдың біріндегі мектепте мұғалім екен. Ал Алдажар Әбіловтің ғалым, университетте сабақ беретінін білдік,  - дейді «Заң» газетінің редакторы Айнұр Сембаева.

  Осылайша, дәстүрге айналған Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауында жерлесіміз, жазушы Асхат Өмірбаев аудан, облыс абыройын асқақтатып, Қызылорда облысынан жеңімпаз болып оралды.