Добро пожаловать!

Фонд имени Кемеля Токаева был основан в  2008 году. Фонд является некоммерческой организацией. Фонд не ставит перед собой целью извлечение дохода от своей деятельности и преследует общественно-полезные цели. Все доходы направляются на достижение его уставных целей.

Миссией фонда является  оказание помощи и создание условий для достойной жизни и полноценного развития детей, поддержание приоритета семейных ценностей.

Жалпы білім беретін жоғары және орта буын оқушылары үшін қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаев шығармашылығын оқыту бойынша ең үздік таңдау курсының жобасы байқауының ЕРЕЖЕСІ

Жалпы білім беретін жоғары және орта буын оқушылары үшін қазақ әдебиетінде детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаев шығармашылығын оқыту бойынша ең үздік таңдау курсының жобасы байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

Байқау ұйымдастыруышысы:

 «Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қоры» Ж.Қ.

 

Байқау мақсаты, міндеттері:

  1. К.Тоқаевтың көркем әдеби шығармашылығы негізінде өз елінің тарихын оқып білу.
  2. Детективті –шытырман жанрындағы әдеби шығармашыларға деген қызығушылықты ояту;
  3. Білім беру мекемелерінде оқу – тәрбие жүйесін ғылыми-әдістемелік жұмыс арқылы арттыру.
  4. Озық авторлық – педагогикалық тәжірбиені анықтау және тарату.

 

Байқауды өткізу тәртібі:

  1. Байқау 2018 жылдың 10 қаңтарынан 2018 1 мамырына дейін;
  2. Байқау қорытындысы 2018 жылдың 2 қазанында жарияланады.
  3. Өткізу орны: Үштөбе қаласы, К.Тоқаев атындағы орта мектеп.

 

Байқауға қатысу тәртібі:

-          Байқауға педагог қызметкерлер қатыса алады

            (еңбек өтілі,білім беру мекемесінің түріне қарамастан)

-          Әр  үміткер байқауға 2 (екі) байқау материалынан артық жоба өткізе алмайды.

-          Байқауға ұжымдасқан авторлар материалдарында ұсынуға болады.

 

Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі:

-          Үміткер жұмысы 2018 жылдық 1 мамырына дейін, электронды нұсқасын ұсыну міндетті. Электронды нұсқасыз жұмыс қарастырылмайды.

-          Құжаттар бумасы: Өтініш (баспа түрінде), байқау материалы көрсетілген талапқа сай безендірілген және рәсімделген болуы шарт (электронды нұсқасы  - CD дискіде,баспа түрі – формат А4, Word, Times New Roman шәкілі, 14-шрифт, арақаштық 0,1).

 

Факультатив бағдарламасының жүргізілуіне қойылатын талаптар:

   Оқу бағдарламасы – мақсат – міндеттері көрсетілген нормативті құжат, факультатив курсын игеру нәтижесін бағалау тәсілі.

   Оқу бағдарламасының құрылымына курстың оқу мақсаты мен міндеттері анықталған түсінікхат, білім беру процесін ұйымдастыру бағыты, оқытудың әдіс-тәсілдері, курсаралық және пәнаралық байланыстың іске асуы енген, оқу материалы жүйеленген, белгілі өлшемде, күтілетін нәтижесі айқындалған, пайдаланатын әдебиеттері көрсетілген болуы шарт.

 

 

 

Ұйымдастыру комитеті

Үштөбе қаласы, ом.К.Тоқаев

3 қаңтар 2018 ж